• Главная
  • Маңғыстауда жергілікті полиция қызметіне 400-ге жуық қызметкер жетіспейді
12:07, 1 марта 2018 г.

Маңғыстауда жергілікті полиция қызметіне 400-ге жуық қызметкер жетіспейді

фото из сети Интернет

фото из сети Интернет

Құқық қорғау органдарына жол патрулдік полициясының қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары жетіспейді, деп хабарлайды ИнАктау.

Жергілікті полиция қызметінің басшысы Ұлықбек Мылтықовтың айтуынша, соңғы кезде республикалық маңызы бар автожолдардың салынуына байланысты жол патрулдік полициясының қызметкерлері жетіспейді.

"Облыста учаскелік полиция инспекторлары жетіспейді, және олар жұмыс жасайтын қосымша учаскелік полиция пунктерін ашу қажет. Соңғы кезде республикалық маңызы бар автожолдардың салынуына байланысты жол патрулдік полициясының қызметкерлері жетіспейді. Егер облыс тұрғындарының санын есепке алатын болсақ, жергілікті полиция қызметіне кемінде 390 қызметкер жұмысқа қабылдануы керек", - деді облыстың ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшысы Ұлықбек Мылтықов.

Жергілікті полиция қызметінің басшысы, цифрлық технологияларды енгізу үшін 339 планшет сатып алу керек, оған 123 миллион теңге қажет екенін атап өтті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#полиция #учаскелік #инспектор #қызметкер #жұмыс
Объявления
live comments feed...