• Главная
  • Жазасын өтегендер жұмыспен қамтылды
17:03, 1 марта 2018 г.

Жазасын өтегендер жұмыспен қамтылды

фото из сети Интернет

фото из сети Интернет

Маңғыстаудағы түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар жұмысқа орналасып жатыр. Тек биылдың өзінде он жеті адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Осы бағытта құрылыс компаниялары мен жергілікті билік өкілдері арасында келіссөздер жүргізілуде, деп хабарлайды ИнАктау.

Өткен жылы Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы екі жазасын өтеп шыққан азаматқа ақшалай көмек көрсетіліп, 17 сотталған тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұрын сотталғандар мен бас бостандығы шектеулі азаматтардың құқықтық, әлеуметтік-психологиялық мәселелері мамандардың жіті назарында.

"Сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы болмауына байланысты 17 сотталған Ақтау қалалық бейімдеу орталығына орналастырылды. Қазіргі таңда бостандыққа шыққан тұлғаларды жұмыспен қамту үшін құрылыс компаниялары мен жергілікті атқарушы билік өкілдері арасында келіссөздер жүргізілуде. Олар құрылыс нысандарында әртүрлі жұмыстар істейтін болады",- деді Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД Ақтау қалалық пробация қызметі бөлімі басшысының орынбасары Жеңіс Садырбаев.

Ақтау қалалық пробация қызметінің есебінде 391 сотталған есепте тұр. Олардың оннан астамы қайта қылмыс жасап, темір торға түскен.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#сотталғандар #жұмыспен #қамтаму #теміртор
Объявления
live comments feed...