20:07, 3 марта 2018 г.
Бейнеулік студенттер өртенген баспананы асарлатып жөндеп берді
фото из сети instagram
Бейнеу политехникалық колледжінің ұжымы мен студенттері бір отбасының өртеніп кеткен пәтерін жөндеп берді. Қайырымды істі ұйымдастырушылар Алғыс айту күні қарсаңында ауызбіршілік танытып, қиын жағдайға тап болған отбасыға көмек беруді жөн көргендерін айтады, деп хабарлайды ИнАктау.
Колледж басшыларының айтуынша, осыдан бір жарым ай бұрын политехникалық колледждің бірінші курс студенті Айгерім Түгелбаеваның үйі өртке оранып, бір отбасы қиын жағдайға тап болған. Тілсіз жау бүкіл пәтерді шарпып өтіп, тұруға жарамсыз болып қалған.
"Ол қыздың анасы - жалғызбасты ана. Айгерімнен басқа бірінші сыныпта оқитын інісі бар. Анасы вахталық әдіспен жұмыс істейді. Өрт шыққан күні анасы үйде болмаған. Өрт сөндірушілерінің айтуынша, жалын тоқтың тұйықталуынан шыққан. Негізі осы игі істі бастаған колледж студенттері мен кураторы Қинаятова Ғалия. Олар ақша жинап, пәтерді өздері жөндеген. Бір бөлмелі пәтерді үш аптада он үш студент жөндеп берді. Мектеп ұжымы көмек ретінде 100 мың теңге жинап бердік. Мұнан бөлек киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттар берілді. Ауыл азаматтарының бірі – терезесін, бірі – есігін алып беріп көмектесті",- дейді Бейнеу политехникалық колледжі директорының орынбасары Ақжарқын Өзбекова.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
09:49, 1 ноября
live comments feed...