фото: liter.kz
Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысына сәйкес, аталған ауданның Сенек, Құланды, Бостан ауылдары аумағына карантин режимі және шектеу шаралары енгізілді.
Қарақия ауданының аумағында 2020 жылдың 29 сәуірі күні сағат 00:00-ден бастап 2020 жылдың 13 мамыры күні сағат 07:00-ге дейін карантин режимі және келесідей шектеу шаралары енгізілсін:
- 2020 жылдың 29 сәуірі күні сағат 00:00-ден бастап 2020 жылдың 13 мамыры күні сағат 07:00-ге дейін халықтың өмір белсенділігін қамтамасыз етуші автокөліктерді қоспағанда, азаматтардың Қарақия ауданының аумағына кіруі мен шығуына тыйым салынсын;
- халықтың өмір белсенділігін қамтамасыз етуші автокөліктерді азық-түлік, дәрі-дәрмектерді тасымалдайтын жүк және жеңіл машиналар, сонымен қоса төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін арнайы және қызметтік көліктер қоспағанда, аудан тұрғындарына ауданмен ауылдық округы арасына қатынауға тыйым салынсын;
- аудан тұрғындарының өмір белсенділігін қамтамасыз етуші медициналық, полиция, апаттық-құтқару және өзге де коммуналдық шұғыл қызметтердің (жылу, газ бен қамту, су және энергиямен жабдықтау) жұмыстары шектелмейді;
- ресми және ресми емес (тіркелмеген) жеке тасымалдаушыларға (автобустар, газельдер, такси) аудан ішінде және ауылдық округтер арасында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынсын;
- тұрғын үйлерден шығуға мына жағдайлардан өзге уақытта тыйым салынсын:
- дәрі-дәрмектерді, бірінші кезекте қажетті және медициналық бұйымдарды сатып алуға;
- сағат 15:00 ден 18:00 дейін азық-түлік сатып алуға;
- 1,5 м-2 м қашықтықты сақтай отырып, жұмысқа баруға, сонымен қатар жұмыс орнынан басшысынан анықтама болу;
- медициналық көмекке жүгінуге;
- малға жем сату тек жеткізу әдісімен жүзеге асырылсын, сатушы тұтынушыға дейін жеткізуді ұйымдастырсын;
- күндізгі уақытта тұратын жерінен 200 метрден аспайтын аралықта ұзақтығы 30 минут болатын, өзге адамдармен арада 1 метрден кем болмайтын қашықтықты сақтай отырып балалармен серуендеуге;
- жасы 65-тен асқан тұрғындар ерекше қажеттілік болмаған жағдайда өз пәтерлері мен үйлерінен көшеге шықпауы тиіс (өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттары: жеке куәлігі, жүргізуші куәлігі, төлқұжаты, тұруға рұқсат беретін ықтиярхаты болуы тиіс);
- тұрғын үйінен өзге жерге барғанда бетперде киіп жүру, бір реттік қолғап киіп, қолдарын өңдеуге арналған тері антисептиктері болуы тиіс;
- сауда-ойын-сауық орталықтарының және базарлардың жұмысы, азық-түлік сататын бөлек залдары бар, азық-түлік супермаркеттері, азық-түлік сөрелері, дәріханалары барлардан өзгелерінің жұмысы тоқтатылсын;
- азық-түлік сатылмайтын сауда орталықтарының, бөлек тұрған азық-түлік сатылмайтын дүкендердің, автосалондардың, автобөлшектер сататын салондардың, гүл павильондарының, химиялық тазалау, кір жуу, фотоательелердің, фотосалондардың, оптикалардың, ломбардтардың, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, автожуу, техникалық қызмет көрсету бекеттерінің, сауналардың, моншалардың, фитнес-клубтардың, караоке, тату –салондардың, аудио, видео жазатын студиялардың, ұялы байланыс бөлімдерінің, театрлардың, кинотеатрлардың, тренажёр залдарының, спорттық кешендердің, бассейндердің, сұлулық салондарының, спа-орталықтарының, тырнақ студияларының, барбершоптардың, шаштараз кабинеттерінің, компьютерлік клубтардың, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының, байланысқа түсерлік зообақтардың, мұз айдындарының, көрмелердің, балаларды дамыту орталықтарының және өзге де осы сияқты қызмет көрсету нысандарының қызметі тоқтатылсын;
Қарақия ауданының аудан және ауылдық округтер әкімшіліктері қамтамасыз етсін:
- халықтың көп шоғырланатын орындары жабылсын, оның ішінде адамдар көп баратын жаяу қыдыруға арналған орындар (көшелер), саябақтар, скверлер, алаңдар, жағалаулар, балалар ойын алаңдары және азаматтардың өзге де демалатын орындары;
- ішкі қоғамдық көлік рейстері тоқтатылсын;
- Маңғыстау облысы аумағындағы киелі орындарға (Бекет Ата, Шопан Ата, және т.б.) көліктердің жүруіне шектеу қойылсын;
- ұйымдарға, олардың меншік нысанына қарамастан жұмыс аптасын немесе жұмыс уақытын қысқарту немесе қашықтықтан жұмыс істеуге көшу ұсынылсын;
- дезинфекциялық өңдеуді, оның ішінде жуу құралдарын қолданумен тротуарлар, саябақтар, скверлер, алаңдар, тұрғын үйлер кешендері аумақтарындағы аула алаңқайларын (ойын, спорт алаңдарын қоса), ірі супермаркеттердің, теміржол және автовокзалдар, базарлар аумағына кіретін жерлердің тазартылуын күшейту;
- мәдени-көпшілік, спорттық, діни, мерекелік және т.б. іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;
- мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлерінің тиісті аумақтан тысқары шығуына шектеу қойылсын;
- коронавирус инфекциясының алдын алуда үй карантинін сақтауға және ауру белгілері байқалған сәтте медициналық көмек алу үшін дер кезінде 103 номеріне хабарласу қажеттігіне басымдық бере отырып тұрғындар арасында өткізілетін санитариялық-ағарту жұмыстары күшейтілсін;
- негізгі технологиялық процеске қатысы жоқ қызметкерлер қашықтан жұмыс жасауға ауыстырылсын;
- Меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалармен қаулының орындалуы міндетті болып табылады.
- Осы қаулының орындалуы Қарақия ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж.М.Сейдахметоваға жүктелсін, - делінген.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции