Freedom Holding Corp. америкалық Prime Executions Inc. брокерін сатып алады

 Алматы, Қазақстан, 2020 ж. 22 желтоқсан

Freedom Holding Corp. (Nasdaq: FRHC) 2020 жылғы 18 желтоқсанда Қаржы институттарының қызметін реттеу жөніндегі агенттіктің (FINRA) тарапынан тұрақты мүшелік құқығына өтінімді мақұлдағаннан кейін Prime Executions Inc брокерлік-дилерлік компаниясын сатып алады. Мәмілені жабу отыз күнтізбелік күн ішінде жоспарланады. Prime Executions компаниясына сатып алу Холдингтің әлемдік орнын кеңейтіп, АҚШ-та дамуы үшін жағдайлар жасайды.

Freedom Holding Corp. америкалық Prime Executions Inc. брокерін сатып алады, фото-1

Тимур Турлов, СЕО, Freedom Holding Corp.:

«Біз Prime Executions Inc. компаниясын сатып алғанымыз жайында қуана хабарлаймыз. Бұл компанияның Нью-Йорк қор биржасында беделі жоғары әрі біз соңғы 30 жылда клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсететін, нарықтың мықты брокерлері мен сарапшыларынан құралған командамен жемісті ынтымақтастық қатынасқа үміттенеміз. Аталған мәміле Freedom Holding Corp. үшін маңызды жағдай. Себебі бұл мәміле арқылы біз АҚШ нарықтарына шыға аламыз және, сәйкесінше, өз клиенттерімізге нарықтық мәмілелерді тиімді әрі уақтылы жасайтынына кепілдік береміз. Біз үшін бұл – үлкен мақтаныш, себебі қадағалауға жауапты америкалық реттегіш АҚШ-тың ішкі нарығының клиенттерімен жұмыс жасауға мүмкіндік тудырып отыр. Prime Executions Inc. компаниясын сатып алып, АҚШ және Еуразия нарығының қатысушыларына нарықаралық қаржы мүмкіндіктерін ұсына отырып, өз бизнесімізді кеңейте аламыз деген үміттеміз».

Холдинг Prime Executions Inc. компаниясының айналыстағы акцияларын Компанияның Директорлар кеңесі мүшесі ретінде жұмысын жалғастырушы Эндрю Сильверманнан және Дэниель Тэндиден сатып алды.

Prime Executions Inc. компаниясының Президенті және Бас атқаршуы директоры лауазымына Роберт Вотзяк тағайындалды. Вотзяк мырзаның NYSE басқарушы лауазымдары кіретін, капитал және әкімшілік басшылық ету нарықтарында консультация беруде 30 жылдық тәжірибесі бар. Роберт Вотзяк компанияда соңғы екі жылда консультант ретінде қызмет атқарды және Президент лауазымында бизнесті одан әрі дамытумен айналысады.

Бір айта кетерлігі, Freedom Holding Corp. компаниясы MSCI U.S. Small Cap 1750 және MSCI U.S. Investable Market 2500 индекстеріне кіргізілген болатын. MSCI U.S. Small Cap 1750 индексі аз капиталдандыру сегментінің тиімділігін өлшейді. Ол 2003 жылғы 27 наурызда іске қосылды және АҚШ-тың қор нарығында анағұрлым кең U.S. Investable Market 2500 индексінде қалған ең аз 1750 компаниядан тұрады. Әйгілі қор индексінің тізімінде болу - Freedom Holding Corp компаниясының мойындалғанын және оған деген халықаралық деңгейде сенімділікті білдіреді.

Анықтама: 

FINRA (Financial Industry Regulatory Authority) немесе Қаржы институттарының қызметін реттеу жөніндегі агенттік бұл – АҚШ-та ең ірі, тәуелсіз реттегіш ұйымдардың бірі. FINRA 2007 жылы құрылды және күн сайын миллард нарықтық жағдайға талдау жүргізе отырып, бүкіл ел бойынша 624 000 астам брокердің жұмысын бақылайды. Агенттік нарықты мұқият қадағалап, инветосторларға, реттегіш органдарға, саясаткерлерге және басқа да мүдделі тараптарға айтарлықтай қолдау көрсету үшін, жасанды интеллектінің және машиналық оқудың инновациялық технологияларын пайдаланады.

Prime Executions Inc. компаниясы жайында

Prime Executions Inc. бұл – АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген, NYSE, NASDAQ, FINRA және SIPC мүшесі болып табылатын брокерлік-дилерлік компания. Компания 1986 жылы құрылды және қазіргі уақытта айына орташа есеппен алғанда 630 млн акцияға сауда-саттық жүргізу үшін көптеген алаңға кіруге мүмкіндігі бар. Компанияда білікті қызметкерлер жұмыс істейді және инвесторлардың кеңейтілген аясының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барлық қолжетімді технологиясы бар. Компания жайында қосымша ақпаратты www.primexe.com веб-сайтында табуға болады.

Freedom Holding Corp. компаниясы жайында

Freedom Holding Corp. бұл – қаржы қызметін, бөлшек брокерлік операцияларды, инвестициялар мәселелері бойынша консультация беруді, бағалы қағаздардың сауда-саттығын, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді өзінің «Freedom Finance» еншілес компаниясы арқылы жүзеге асыратын холдинг. Компания Қазақстан қор биржасының (KASE), Astana International Exchange (AIX), Мәскеу биржасының (MOEX), Санкт-Петербург биржасының (SPB), «Тошкент» Республикалық қор биржасының (UZSE) және Украина биржасының кәсіби қатысушысы болып табылады. Компанияның бас офисі Қазақстанда, Алматы қаласында орналасқан, ал оның әкімшілік офистері Ресейде және АҚШ-та орналасқан. Компанияның Қазақстанда, Ресейде, Қырғызстанда, Украинада, Өзбекстанда, Германияда және Кипрде филиалдары бар.

Бүгінгі күні Холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market биржасында, Қазақстан қор биржасында және Санкт-Петербург биржасында сауда-саттыққа түседі.

Freedom Holding Corp. компаниясының 2020 жылы орын алған маңызды оқиғалары 

•2020 жылғы 3 маусымда Бағалы қағаздар және қор нарығы жөніндегі ұлттық комиссия Freedom Holding Corp. компаниясына Украина биржасы акцияларының едәуір үлесін сатып алуға рұқсат берді.

•Холдингтің Freedom Finance Global PLC еншілес компаниясы Astana International Exchange (AIX) және халықаралық бағалы қағаздар нарықтарына шығу мүмкіндігін пайдалана отырып, «Астана» халықаралық қаржы орталығының» Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитетінен (AFSA) бағалы қағаздар нарығымен байланысты әртүрлі брокерлік қызметтер кіретін қызметтер кешенін өз клиенттеріне ұсынуды бастауға рұқсат беретін лицензия алды.

•Freedom Holding Corp. Ресейдің Федералды монополияға қарсы қызметінің мақұлдауын алғаннан кейін «ЦЕРИХ Кэпитал Менеджмент» ИК АҚ-ты сатып алу мәмілесін аяқтады. «ЦЕРИХ Кэпитал Менеджмент» ИК «Фридом Финанс» ИК-ға біріктіру процесін бастады. 

•«Фридом Финанс» АҚ сатып алу-сату шартын жасады, аталған шартқа сәйкес «Банк Kassa Nova» АҚ-тың «ForteBank» АҚ-қа тиесілі жай акцияларының 100% сатып алуды жоспарлайды. Компания монополияға қарсы органның және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тарапынан сатып алуға рұқсат алды.

•2020 жылғы 30 қарашада S&P Global Ratings агенттігі «Фридом Финанс» АҚ-тың және «Фридом Финанс» ИК ЖШҚ-ның «Тұрақты» рейтингісінен «Оңға» рейтингісіне болжамын қайта қарады. Екі компанияның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингілері «В-/В» деңгейінде расталды. «Фридом Финанс» АҚ—тың рейтингісі де ұлттық шкала бойынша "kzBB-" рейтингісінен "kzBB" рейтингісіне дейін қайта қаралды.

Ағымдағы қаржы көрсеткіштері

•2020 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 195 мың клиент шоты ашылды, бұл – 2020 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша клиент шоттарының санымен салыстырғанда 43 мыңға немесе 28%-ға көбірек.

•Компанияның 2020 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша капиталдандырылуы $2,65 млрд. құрайды.

•FRHC акцияларының ағымдағы құны $45,51 (2020 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша) құрайды, жыл басынан – 211,5 %-ға өсті.

ДЕРЕККӨЗ: Freedom Holding Corp. 

Болжамды сипаттағы өтініштерге қатысты ескерту

Осы баспасөз-релиз «болжамды өтініштерден» тұрады. Барлық болжамды өтініш белгіленбеген сипатқа ие және жағдайларға байланысты өзгерістерге бейім. Болжамды өтініштер болашақтағы нәтижелерге және көрсеткіштерге кепілдік бермейді және болжамды өтініштерде сипатталған немесе күтілетін оқиғалардан немесе нәтижелерден айтарлықтай айырмашылығы бар болуы мүмкін нақты оқиғалардың немесе нәтижелердің салдарынан туындауы мүмкін тәуекелмен және тұрақсыздықпен байланысты. Мұндай болжамды өтініштерге айтарлықтай ықпал ете алатын факторларға Бағалы қағаздар және қор биржалары жөніндегі мемлекеттік комиссияда сақталатын Холдингтің мерзімдік есептерінде анықталған белгіленген экономикалық, коммерциялық және нормативтік тәуекел мен факторлар жатады. Барлық болжамды өтініш осы баспасөз-релиз шығарылатын күнге ғана жасалған және Холдинг бұдан кейінгі оқиғаларды немесе жағдайларды көрсету үшін болжамды өтініштерді жаңарту міндеттемелерін өз мойнына алмайды. Оқырмандардың мұндай болжамды өтініштерге тым сенім артпағаны жөн.

The Nasdaq Capital Market осы баспасөз-релиздің мазмұнын бекіткен жоқ және қабылдамау жағдайы болған жоқ.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Ответственный за раздел
Алия Шарипова
Журналисты сайта InAktau.kz всегда на связи.

Пишите нам, звоните, сообщайте о городских новостях и событиях - мы надеемся, что с Вашей помощью горожане узнают о жизни Актау больше.

Вместе с Вами мы сделаем наш город лучше!

Редактор InAktau.kz:
[email protected]
+7(777) 22-22-105