• Главная
  • Маңғыстауда 2023 жылы мыңнан астам тұрғын мемлекеттік қызметті онлайн алған
15:30, 15 июля 2023 г.

Маңғыстауда 2023 жылы мыңнан астам тұрғын мемлекеттік қызметті онлайн алған

Маңғыстауда 2023 жылы мыңнан астам тұрғын мемлекеттік қызметті онлайн алған, фото-1

Маңғыстау облысында бүгінде 10 «Халыққа қызмет көрсету орталығы» жұмыс істейді. Жыл басынан бері тұрғындарға 339 041 мемлекеттік қызмет көрсетілді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамы egov.kz. сайтында қолжетімді. Бүгінде халықтың арасында ЭЦҚ ашу, куәлік және паспорт жасатып, ауыстыру, жылжымайтын мүлікті тіркеу, бала күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау секілді қызметтер сұранысқа ие.

"Тұрғындар электронды қолтаңба болған жағдайда онлайн қызметке жүгіне алады. Жыл сайын әлеуметтік салада көрсетілетін қызметтерді алушылар саны артып келеді. «Egov» мобильді қосымшасы және екінші деңгейлі банк қосымшаларынан кез-келген құжаттар мен анықтамалардың электронды нұсқасын телефон жадына жүктеп,  шығарып алуға болады" - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Маңғыстау облысының PR-менеджері Жадыра Шалабаева. 

Айта кетейік, ХҚКО жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#разное #новости Актау
Объявления
live comments feed...