
10:11, 5 июня 2024 г.
Мемлекеттік рәміздер күніне орай маңғыстаулық 300 спортшы челленджге қатысты

Скриншот из видео
Маңғыстау облысында карате шинкиокушинкай федерациясының спортшылары Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің туым - менің мақтанышым» атты челлендж жолдады.
Еліміздің туы шетелде екі жағдайда - мемлекет басшысы басқа елге ресми сапармен барғанда және спортшылар жеңіс тұғырынан көрінген кезде көтеріледі. Алты алашты бір мүдде аясына жұмылдыратын - көк ту мен елтаңба. Жүректі тебірентетін - әнұран.
«Әр спортшының асқақ арманы және басты мақсаты – Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттары секілді дүбірлі додаларда өз елінің әнұранын шырқап, көк туымыздың көтерілуі. Бұл айтулы күні челленджге жас спортшыларды қатыстырудағы мақсат - жас ұрпаққа Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның қадір-қасиетін насихаттау», деді облыстық карате шинкиокушинкай федерациясының атқарушы директоры Алдаберген Хасанұлы.
Айта кетсек, 1-2маусым күндері карате шинкиокушинкай спортшыларының білімін арттыру мақсатында облыс көлемінде 400-ге жуық спортшы «кю» тест емтиханын тапсырып, белбеулерін көтерді. Айтулы мереке күні Амфитеатр алаңында емтихан тапсырған спортшылар облыстық карате шинкиокушинкай федерациясы атынан марапатталды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:00
Вчера
15:52
Вчера
14:30
Вчера
12:16
Вчера
Объявления
15:27, 19 июля
14:57, 1 июля
1 701
20:31, 22 июля
16:45, 21 июля
844
live comments feed...