16:21, 16 сентября
Ақтауда музей қызметкерлері АЭС мүмкіндіктерімен танысты
Изображение mhollaen с сайта Pixabay
Бүгін АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелері Ә. Кекілбаев атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерімен экспромт кездесу өткізді. Кездесуде штаб мүшелері Нури Тұмышев, Пәния Сармурзина және Ғазиза Тәжібаева АЭС құрылысы жайлы ақпараттар берді.
Олардың айтуынша атом энергетикасы экономиканың маңызды қозғалтқышына және жоғары технологиялық сектордың локомотивіне айналады.
- Болжам бойынша елде 2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну деңгейі 152,4 млрд кВт/сағ болады. Алайда қазір қолданыстағы энергия көздерінің өндірісі ескіріп, экологиялық санкциялар күшеюде. Бұл өз кезегінде энергия қуатының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Биыл энергия тапшылығы 2,4 млрд кВт/сағ, 2025 жылы 3,3 млрд кВт/сағ болжанып отыр. АЭС бой көтерсе, іргелес салаларға мультипликативті әсер береді. Экономикалық, энергетикалық қуатты еселейді. Сондай-ақ АЭС-ның дәстүрлі көмір және газ электр станцияларынан айырмашылығы атом электр станциялары энергия өндіру кезінде атмосфераға көмірқышқыл газын шығармайды, - дейді штаб мүшесі Пәния Сармурзина.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
14:41, 9 октября
31
19:28, 9 октября
219
11:42, 8 октября
14:18, 25 декабря 2023 г.
10:08, 30 сентября
57
live comments feed...