17:53
Вчера
Фото с сайта depositphotos.com.
Яғни қазақстандықтар мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын онлайн бағалап, олардың жалақысына тікелей әсер ететін болады.
Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасы жанындағы Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы мәлім етті,- деп хабарлайды qazradio.fm сайты.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 2029 жылға қарай еліміздегі барлық мемлекеттік органдардың жұмысы толықтай цифрландырылады. Рейтингі төмен шенеуніктердің жалақысы қысқарады.
Бұл жаңашылдықты енгізудегі басты мақсат - мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыру, халықпен байланысын нығайту болып табылады.