• Главная
  • Жаңаөзенде Құлыбаев қоры жаңа спорт кешенін салып жатыр: құрылыс қарқыны қалай?
PR
15:02, Сегодня

Жаңаөзенде Құлыбаев қоры жаңа спорт кешенін салып жатыр: құрылыс қарқыны қалай?

PR
Жаңаөзенде Құлыбаев қоры жаңа спорт кешенін салып жатыр: құрылыс қарқыны қалай?

Жаңаөзенде биыл маусымда іргетасы қаланған жаңа спорт-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды жалғасып жатыр. Бүгінде нысанның негізгі қабырғалары көтеріліп, алдағы күндері шатыр жабылмақ.

Құрылысты аралап көрген Halyk қорының директоры Сағынбек Шүңкеев:

«Біздің мақсат – Жаңаөзен жастарына халықаралық деңгейдегі заманауи спорт кешенін сыйлау. Сапа күнделікті бақылауда», – деді.

Жаңаөзенге не үшін дәл осындай кешен қажет?

Өйткені бұл жай ғана ғимарат емес. Бұл жаңаөзендік балалар мен жасөспірімдердің болашағына салынған инвестиция.

Жаңаөзенде Құлыбаев қоры жаңа спорт кешенін салып жатыр: құрылыс қарқыны қалай?, фото-1

Жоба аяқталған соң кешенде:

• баскетбол, футзал, волейбол, каратэ және басқа да спорт түрлеріне арналған залдар;

• заманауи фитнес аймағы;

• кең жаттығу бөлмелері;

• спортшыларға арналған шағын қонақүй;

• душ, киім ауыстыру бөлмелері;

•б ейнабақылау және қауіпсіздік жүйелері жұмыс істейді.

Жаңаөзенде Құлыбаев қоры жаңа спорт кешенін салып жатыр: құрылыс қарқыны қалай?, фото-2

Нысанды қаланың инженерлік инфрақұрылымына қосу жұмыстары әкімдікпен бірлесіп жүргізілуде.

Кешеннің ашылуы 2026 жылдың маусымына, Балаларды қорғау күні қарсаңына жоспарланған.

Маңғыстау – Т.Құлыбаевтың Halyk қоры үшін стратегиялық өңір

Соңғы жылдары Halyk қоры Маңғыстауды елдегі әлеуметтік саясат пен жаңа мүмкіндіктер аймағы ретінде қарастырып келеді. Географиясы, экономикалық әлеуеті, жастарының көптігі өңірді ерекше стратегиялық аймаққа айналдырады.

Қордың Маңғыстаудағы қолдауы да жүйелі:

• 2023 жылдан бері 5 млрд теңге өңірді дамытуға бағытталды;

• Бейнеудегі астық терминалы қайта жандандырылып, азық-түлік қауіпсіздігі күшейді;

•А қшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдары таза ауыз сумен қамтылды;

•  Жаңаөзенде балалар ойын және футбол алаңдары салынды.

Жаңаөзенде Құлыбаев қоры жаңа спорт кешенін салып жатыр: құрылыс қарқыны қалай?, фото-3

«Talimger» жобасы Маңғыстауда жаңа кәсіпкер буынын қалыптастыруда

2025 жылдан бастап өңір мектептері мен колледждерінде «Кәсіпкерлік негіздері» пәні ресми түрде енгізілді. Бұл - білім беру жүйесіне жасалған маңызды институционалдық қадам.

• 230-дан астам мұғалім арнайы оқытылды;

• Мыңдаған оқушы өз идеяларын бизнес-жобаға айналдыруды үйреніп жатыр.

Бұл – өңірдің экономикалық болашағына бағытталған стратегиялық инвестиция.

Спорт кешені + «Talimger»: Маңғыстауда екі жаңа институт қалыптасып келеді

Жаңаөзенде Құлыбаев қоры жаңа спорт кешенін салып жатыр: құрылыс қарқыны қалай?, фото-4

Жастардың спорттық және кәсіпкерлік әлеуетін қатар дамыту – өңірді жүйелі жаңғыртуға бағытталған ортақ саясат.

• Жаңаөзендегі спорт кешені – болашақ чемпиондардың, тәртіп пен денсаулық мәдениетінің орталығы.

• «Talimger» – жаңа кәсіпкер буынының, жаңа мүмкіндіктер мәдениетінің бастауы.

Екі жоба да бір мақсатты көздейді:

Маңғыстау жастарының мүмкіндіктерін кеңейту және өңірдің ұзақмерзімді дамуына берік институционалдық негіз қалыптастыру.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Talimger #обучение #предпринимательство
Объявления