2017 жылдың 27 қыркүйегінде Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық - драма театры өзiнiң XV маусымының шымылдығын "АНТ" спектаклімен ашатынын салтанатты түрде жариялаймыз!

"Ант" драмасы – Мәсбатыр байдың алты ұлдан кейін сағынып көрген сүйікті қызы Шолпанның тағдыры суреттеледі. Байдың ерке қызы, ауыл жастарын жинап алып, той-думан үстінде 70-тегі Қожаназар байдың шамына тиеді. Осы жасқа келгенше өзін масқараламақ болғанды аяқсыз қалдырмаған Қожаназар бай Шолпанды тоқалдыққа алмасам, төбеме тәңір ойнасын! – деп ант етеді

Авторы: С.Назарбекұлы, Н.Мұханов

Қоюшы режиссер: Гүлсина Мерғалиева ("Тарлан" сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері).

Қоюшы суретші: Гүлнар Канафина (ҚР Мәдениет қайраткері).

Басты рөлде:

- Ақшолпан - Сағадат Сейтқожаева

- Қожаназар бай - Медғат Өмірәлиев ("Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты)

Байланыс телефоны: +7 (7292) 60-10-03.

Касса: +7 (7292) 60-10-04.