ҚұбылуӨтетін орны: Ақтау қ., 8-шағын аудан, 28/2, Жантурин атындағы Маңғыстау драма театры

Авторы: Е.Аманшаев: «Құбылу» (Франц Кафка ) «Құбылыс желісімен»

Режиссер: Д.Жұмабаева

Жанр: Пластикалық драма

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі: Ескерту 12 жасқа толмаған баламен кіруге болмайды!

Қосымша: Құрметті тыңдармандар, қонақтарымыз бен орындаушыларымызға кедергі келтірмеу үшін есіктер спектакль басталғаннан кейін 15 минуттан соң жабылады.

 

«ҚҰБЫЛУ»

Франц Кафканың «Құбылу» әңгімесінің желісімен

Бір күні таңертең мазасыз ұйқыдан оянған Грегор Замза өз төсегінде қорқынышты жәндікке айналғанын анықтайды.

Франц Кафканың күрделі әрі шиеленісті әңгімесінің желісі бойынша Ермек Аманшаев жасаған инсценировка осылай басталып, көрерменді тың ойларға жетелейді. Бір қызығы кейіпкердің «құбылу» себептері ашылмайды.

Спектакльде Грегордың құбылуының отбасына қаншалықты ауыр әсер етті, күннен күнге өзін тануын жоғалта бастаған жігіттің өліміне кім кінәлі деген сұрақтарға жауап іздейсіз.