Калигула/Театр им. ЖантуринаАвтор: А. Камю

Аударған: Құжырғали Төлеушов

Қоюшы режиссері: Гүлсина Мерғалиева

Қоюшы суретшісі: Гүлнар Канафина (ҚР Мәдениет қайраткері)

Режиссердің ассистенті: Арай Омарова

Жанр: трагедия

Ұзақтығы: 105 минут

Жас санаты: 12+

Қосымша:  Ескерту 12 жасқа толмаған баламен кіруге болмайды!

Рим императоры Калигула Цезарь тарихына сүйене отырып, театрдың шығармашылық ұжымы біздің заманымызға дейінгі дәуірлерде билік орнатқан қанпезер әміршінің синдромы қай қоғамда да орын  алғандығын баяндайды. Оған мысал ретінде тарих тоғысындағы қанпезерлігімен, аяусыздығымен аты шыққан Гитлердің және Чикатиланың өмірі қозғалады. Біздің   қойылымда мұның барлығы синдромдық жағдайларды барлаған психиатордың  зерттеуі арқылы қарастырады.