Өтетін орыны: Жантурин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры
Күні: 18,21,23 мамыр
Уақыты: 19:00
Автор: Э.Рудник
Режиссёр: «Асанәлі» сыйлығының иегері Гауһар Адай
Инсценировка авторы: Гауһар Адай
Қоюшы суретші,киім суретшісі: ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» - Гүлдана Алина
Возрастное ограничение: Ескерту 12 жасқа толмаған баламен кіруге болмайды!
«Ki$i + лер» Премьера!
Дж. Оруэллдің әйгілі «1984» романының желісі негізінде сахналанған «Ki$i + лер» трагифарсы — адам болмысының айнасы. Әр кейіпкер — қоғамның бір бөлшегі. Адам кейде мейірімді, кейде қатігез; бірде үнсіз, бірде дабыра. Орта өзгерсе — мінез де өзгереді. Бұл — тіршіліктің жазылмаған заңы.
«Ki$i + лер» — бетперде кигендер жайлы емес, бетпердеге айналғандар туралы қойылым. Жауапкершіліктен жалтару, кінәні өзгенің мойнына арту, шынайылықтан қашу — адам табиғатына тән құбылыс. Билік пен үрей, шындық пен жалғандық, қоғам мен жүйе арасындағы күрделі қарым-қатынастар — спектакльдің басты өзегі. Жүйені жасаушы — халық та, билік те. Алайда, халық көбіне өз сауатсыздығынан билікті кінәлайды. Осы тартыстар трагифарста шебер бейнеленген.
Сахна төрінде — қоғам, ал сахна астарында — әрқайсымыздың көлеңкеміз.