Өтетін орны: Ақтау қ., Абай атындағы Мәдени-демалыс кешені
Күні: 1 сәуір, 2026
Уақыты: 19:00
Ұзақтығы: 1,5 сағат
Әртістер: Нұрлан Мусаев
Жас шектеуі: 12+
Белгілі айтыскер ақын, әзілкеш,ҚР Мәдениет саласының үздігі Нұрлан Мусаевтың «Қышқыл-мышқыл» атты күлкі мен ойды қатар сыйлайтын ерекше кеш. Бағдарламада Маңғыстау өңіріне тән әзілі жарасқан әңгімелер, ел аузындағы тапқыр қалжыңдар, айтыс өнеріндегі әзіл-оспақтар көрерменге ұсынылады.
Кеш барысында сахнада сөз өнері мен сатира тоғысып, ұлттық юмордың шынайы бояуы ашылады.
Кеш қонақтары: Насихан Байпақов, Ерекен Қорабаев, Сәуіржан Құдайбергенов, Фархад Мусаев, Қайрат Аманқосов, Мақсат Аханов, Қайнар Алагөзов және «Жыр жебе» ақындар мектебінің шәкірттері өнер көрсетеді.

