• Главная
  • Баутин ауылында балық шаруашылығын дамыту жоспарлануда
18:02, 22 января 2018 г.

Баутин ауылында балық шаруашылығын дамыту жоспарлануда

фото из открытых источников

фото из открытых источников

Баутин ауылында балық аулаумен айналысатын 50 кәсіпкер балық аулау кәсібін дамыту үшін мемлекеттен субсидия қарастыруды сұрап отыр. Бұл балық шаруашылығындағы өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі, деп хабарлайды Инактау.

Баутин ауылының әкімі Дәулеткерей Меңдіханов қазір ауылда балық қабылдау пункті, консервілеу цехтары үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді. Техникалық-экономикалық негіздеме дайын болғаннан кейін, барлық жобалар инвесторларға ұсынылады. Сондай-ақ, Агро-Кредиттік корпорациясымен ынтымақтастық негізде жұмыс істеу қарастырылуда.

Аймақ басшысы туризмге қатысты бірқатар мәселені көтерді:

"Баутин ауылының дамуы туралы, балық аулау фермаларынан бастап, мал шаруашылығы, бүкіл жағалау бойы жаппай демалатын орындарға тексеру жүргізу туралы толық есеп дайындауға бір апта уақыт беремін. Сондай-ақ, мұнда жұмыс істейтін жеке компаниялардың ауданның әлеуметтік дамуына нақты қандай көмек көрсетіп жатқанын білгім келеді".

Баутин ауылының тұрғындар саны - 4,554 адам. Ауылда 52 шаруашылық объектісі бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Баутин #балық
Объявления
live comments feed...