Шетпе гимназиясының директоры Гүлшара Әбдіқалықова оқушыларға латын әліпбиін үйретудің оңай тәсілін ойлап тапты. 22-қаңтар күні таңертең сабаққа келген мектеп оқушылары мен ұстаздар күтпеген оқиғаға тап болады, деп Шетпе гимназиясы ММ-нің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап, InAktau хабарлайды.
Мектеп басшысы Гүларша Наушақызы демалыс күні мектеп баспалдағын гүлмен көмкеріп, баспалдақ бойына латын әліпбиін жаздырған. Мақсаты: үйренуді өзімізден бастау. Әлеуметтік желіде ұстаздар мен оқушылар мектептегі өзгерісті байқап, өз таңданыстарын жасыра алмағаны айтылады.