• Главная
  • Енді Мұнайлы ауылының тұрғындары 1 текшеметр суды 30 теңгеден сатып алатын болады
16:00, 23 января 2018 г.

Енді Мұнайлы ауылының тұрғындары 1 текшеметр суды 30 теңгеден сатып алатын болады

фото: Tengrinews

фото: Tengrinews

"Маңғыстау Жылу" МКК-нің директоры Базарбай Қазақбаев Атамекен ауылы тұрғындарының ауыз су бағасының көтеріліп кетуіне байланысты шағымына жауап берді. Ол ауыз судың қымбаттауын кәсіпорынның жаңа су шығару зауытына қосылуымен түсіндірді, деп хабарлайды Inaktau.

Былтыр кәсіпорын жекеменшік тасымалдаушыларға ауыз суды (тасымалдау бағасымен қоса есептегенде) 237,85 теңгеден сатқан. Ол кезде су МАЭК "Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-нен сатып алынатын болған. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап кәсіпорын ауыз суды "Каспий" су тұщыту зауытынанан ала бастапты. Табиғи моноплоияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаментінің  14.12.2016 жылғы №139 НҚ бұйрығына сәйкес, (тасымалдау құнымен есептегенде) суыз су құны: жеке тұлғалар үшін 1 текшеметрі – 280,29, ал заңды тұлғалар үшін 1 текшеметрі – 583,98 теңгеден бекітілген.

"Судың қымбаттап кетуі екі компанияның бекіткен бағасындағы айырмашылықта.Қазір Батыр, Баянды-3 және Атамекен ауылдық округтеріне ауыз су құбыры толық тартылды. Су есептегіш құралын орнатып, құру жұмыстары жүргізілуде. Енді наурыз, сәуір айларында осы жұмыстар аяқталғаннан кейін ауыл халқы ауыз суды құбыр арқылы тұтынатын болады. Сөйтіп халық 1 текшеметр ауыз суды  30 теңгеден тұтынады", -деді Базарбай Қазақбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 22-қаңтар күні Мұнайлы ауданы Атамекен ауылының тұрғындары ауыз судың 6 текшеметрі - 3500 теңгеден 4000 теңгеге қымбаттап кеткенін айтып  шағымданған болатын.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Ауызсу #Қымбат #Мұайлы #Каспий
Объявления
live comments feed...