08:00, 25 января 2018 г.
Тұщыбек ауылының тұрғындары Маңғыстаудан бүркітшілер мектебін ашпақшы
фото: ИнАктау
Ауыл тұрғындары бүркітші мектебін ашу арқылы қазақтың әдет-ғұрпын сақтап қалуға және отандық бүркітшілерге құрмет көрсетуге болатынын айтады, деп хабарлайды ИнАктау Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Бүркітші мектебін ашуды алғашқылардың бірі болып, Мереке Өтеғали қолына алмақшы. Алты жасынан құс аулауға әуестенген ол қазірдің өзінде оншақты ауыл тұрғынын құс аулауға баулып жүр. Қазіргі таңда оның шәкірттері байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
"Бүркітші болу оңай емес. Бүркіттің балапаны алдымен адамға үйренуі керек, содан кейін ғана оны жаттықтырып қолға алып жүруді үйретеміз. Бүркітті аң аулауға үйрету оңай шаруа емес. Біз бүркітшілер мектебін Тұщықұдық ауылынан ашқымыз келеді. Себебі, ауыл Отпантаудың ең биік жотасына жақын жерде орналасқан", - дейді Мереке.
Ұйымдастырушылар болашақта аңшылыққа қатысуға мүмкіндік туып жатса және оның тарихын білгісі келетін туристер үшін экскурсиялар өткізуді жоспарлап отыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
20:32, 5 сентября
13:17, 8 сентября
14:57, 4 сентября
4
14:57, 4 сентября
30
13:58, 9 сентября
414
live comments feed...