19:00, 25 января 2018 г.
Ақшұқыр ауылының тұрғыны үйіне газ кіргізе алмай жүр
фото из открытых источников
Ақшұқыр ауылының тұрғыны Жеміс Сейтмұханова бірнеше жылдан бері үйіне газ қоса алмай жүр. Ол үйіне газ қостырып беруді өтініп, ауыл әкімі мен аудан әкімінің алдына барған. Бірақ осы уақытқа дейін газ мәселесін шеше алмай келеді, деп хабарлайды InАкtau.kz.
Жеміс Сейтмұханованың үйі көшенің дәл ортасында орналасқан, оның көршілерінің бәріне газ қосылған. Бірақ неге екені белгісіз, жергілікті жауапты мекемелер оның үйіне газ таруға болмайды депті.
"Мен бұл жерді жеке қолдан сатып алдым. Яғни аумағы үлкен жерді екіге бөліп сатқан. Менің көршім соның жартысын сатып алып, үй салды. Оның үйіне газ қосылған, ал маған қосуға болмайды, бұл қалай? Мен үйдің техникалық құжатын заңдастырып, талаптарға сай қазандықты далаға бөлек орнаттым", - дейді ол.
"2006 жылы 7 гектар жерді жеке кәсіпкер сатып алған. Кейін кәсіпкер жерді бірнеше бөлікке бөліп, сатып кеткен. Кезінде ол жерге газ, су, электр энергиясын тарту бас жоспарға енбей қалған. Қазіргі таңда осы жердегі 70 –ке жуық учаске жобаға енгізілді. Оған жергілікті бюджеттен 3миллион 808 теңге қаражат бөлініп, жоба жасақтадық. Жобаның сметалық құны 683 миллионға шығып тұр. Қомақты қаржы республикалық бюджетінен бөлінсе, Бегей ауылы, теңіз жағасындағы 1 және 4 кварталдағы 350-ге жуық тұрғын үйге газ құбырлары тартылады. Ал Жеміс Сейтмұханованың көршісі өз қаражатымен "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның талаптарына сай газ құбырларын орнатып, газ тарттырып алған. Ол кісі де талаптарды орындап, өз қаражатына газ құбырын тарттырып алуға болады",- деді ауыл әкімі Айсағали Нұғаманов.
Ақшұқыр ауылында газ, су, электр энергиясы жоқ деп шағымданатын тұрғындардың көбі кезінде жеке кәсіп ашуға берілген жерлерді сатып алып, бүгінде соның зардабын шегіп отыр. Себебі олар кезінде ауылдың бас жобасына енбей қалған.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:30
Вчера
Объявления
17:20, 12 августа
242
10:50, 1 мая
1 701
11:29, 18 сентября
10:25, 6 сентября
7
live comments feed...