• Главная
  • Ақтаудағы сауда сөрелерінде тұрған 200-ден астам өнім техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейді
19:13, 26 января 2018 г.

Ақтаудағы сауда сөрелерінде тұрған 200-ден астам өнім техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейді

фото из сети Интернет

фото из сети Интернет

Ақтау қаласының сауда нүктелеріндегі кейбір тауарлар сату шарттарының талаптарына сай келмейді. 2017 жылдың қорытындысын жасаған Ақтау қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары тексеруге алған 1043 өнімнің 225-і техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтінін анықтаған, деп хабарлайды InAktau.kz.

Мамандар сауда орындарындағы ойыншықтар, киімдер, тұрмыстық химия өнімдері мен парфюмерлік өнімдерді тексерген. Жалпы саны 56 нысанға мониторинг жүргізіліп, оның 34-нен сәйкессіздік анықталған.

"Олардың 32-не ұйғарым берілді. Санитарлық ұйғарымда берілген тапсырмаларды орындамаған 4 нысан сотқа жолданып, 907600 теңге айыппұл салынды. Мониторинг шеңберінде 16 нысанға қарсы, 7 нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 8 нысанға 431110 теңге айыппұл салынды. Сатылымнан құны 169462 теңгенің тауары алынып тасталды. Сату талаптарына сәйкес келмейтін магнитті мозайка, браслет өруге арналған жиынтық, көше дизайнері трафераты, көңілді жүк көліктер жиынтығы сатылымнан алынды", - деді Ақтау қаласы бойынша ҚДСБасқармасының техникалық регламенті талаптарының орындалысын бақылау бөлімінің басшысы Құралай Жанаева.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#техрегламент #ойыншықтар #өнімдер
Объявления
live comments feed...