• Главная
  • Заңсыз есірткі затын сақтағаны үшін 56 мыңнан астам теңге айыппұл төледі
10:30, 30 января 2018 г.

Заңсыз есірткі затын сақтағаны үшін 56 мыңнан астам теңге айыппұл төледі

фото из открытых источников

фото из открытых источников

Атамекен ауылының тұрғыны заңсыз есірткі заты «марихуананы» сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мұнайлы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен қылмыстық теріс қылық жасаған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды InAktau.kz Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотта 23 желтоқсан 2017 жылы Атамекен селосы аумағынан газет қиындысына оралған есірткі заты «марихуананы» тауып алып, заңсыз сақтаған. Азамат Э.-ні сол күні Мұнайлы ауданы, Атамекен селосы, «Балық» дүкені қасында Мұнайлы аудандық ІІБ-нің қызметкерлері ұстаған.

Сот үкімімен Э. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 56725 теңге айыппұл жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енбеген.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#есірткізаты #марихуанасот #айыппұлжаза
Объявления
live comments feed...