• Главная
  • Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды
11:06, 1 февраля 2018 г.

Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды

иллюстрация из открытых источников

иллюстрация из открытых источников

Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысы жұмысының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Асқар Доскен тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлай ИнАктау.

 Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысы жұмысының қорытындысы бойынша қылмыстық және азаматтық процесте, қылмыстық жазаны атқару саласында, сондай-ақ атқару өндірістерінде заңдылықты қамтамасыз етуде айтарлықтай кемшіліктер анықталған.

"Аталған бұзушылықтар Бас прокуратураның тәртіптік комиссиясында қаралды. Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Асқар Досекенов тәртіптік жазаға тартылды",- деп мәлімдеді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

 Асқар Досекенов 2012 жылдан бастап Маңғыстау облысы прокурорының  орынбасары қызметін атқарады.

 ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Алматы облысының прокуроры, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасарлары қызметтерінен босатылды.

Сондай-ақ, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Тараз, Қарағанды облысы Қазыбек би ауданы прокурорылары және  Павлодар, Алматы, Қызылорда, Атырау облысы прокурорларының орынбасарлары әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#тәртіптікжаза #прокурорлар #маңғыстауобл
Объявления
live comments feed...