• Главная
  • Екі жүзден астам маңғыстаулық отбасы солтүстікке қоныс аудармақ
13:20, 26 февраля 2018 г.

Екі жүзден астам маңғыстаулық отбасы солтүстікке қоныс аудармақ

фото из сети Интернет

фото из сети Интернет

Маңғыстаудан солтүстікке қоныс аударуға 200-ден астам отбасы ниет білдіріп отыр. Биыл солтүстік өңірлердегі 27 жұмыс беруші білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, ауылшаруашылық және кәсіпкерлікті дамытуға 2000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынып отыр, деп хабарлайды ИнАктау.

"Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" аясында былтыр 86 адам ерікті түрде өзге өңірлерге қоныс аударған. Биылғы жылдың ақпан айында облысымызға Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан өкілдер келіп, Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Бейнеу ауданында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқан болатын.

"Нәтижесінде, 200 отбасы, яғни 600-ге жуық отбасы мүшелері ерікті қоныс аударуға ниет білдіріп отыр. Көшіп барғандарға ү йді бір жылға жалға алу үшін қаржылай көмек көрсетіледі. Әр отбасыға 90 мың теңгеден субсидия беріледі. Одан бөлек үй сатып алуға да мүмкіндіктер қарастырылған. Ол үшін сатып алатын үйдің құны бір жылдық үй жалдау құнына тең келу керек", - деді "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ "Жаңа серпін" орталығы Ерікті түрде қоныс аудару бөлімінің басшысы Эльмира Тасқынбаева.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#қоныс #аудару #жұмыс #субсидия
Объявления
live comments feed...