• Главная
  • Балалар ауылы тәрбиеленушілері Алғыс айту күніне өз қолдарымен сыйлық ісетді
08:38, 1 марта 2018 г.

Балалар ауылы тәрбиеленушілері Алғыс айту күніне өз қолдарымен сыйлық ісетді

фото ИнАктау

фото ИнАктау

Бірінші наурыз Алғыс айту күні. Бұл күн тағыдыр тоғыстырған Қазақстанның көп этносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Бұл күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ халқының көрсеткен мейірімділік пен ақ көңілділік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні деп саналады.

Бұл күнді маңғыстаулық балалар да естен шығармады. Маңғыстаудағы балалар ауылында тәрбиеленіп жатқан балалар 1-наурыз Алғыс айту күніне орай Сара Назарбаеваға қолөнер бұйымдарын сыйға таруды жөн көрген. Олардың айтуынша, бұл өмірдегі ең жақсы сыйлық – адамның шын көңілі мен бар ынта- ықыласымен істеген сыйлығы. Балалар қол сөмке, кәдесый, тастан істелген Ақтау қаласының мүсіні, ою-өрнектелген жастық т.б. сыйлықтар мен жылы лебіздерін білдіріп хат жолдады.

Балалар ауылы тәрбиеленушілері Алғыс айту күніне өз қолдарымен сыйлық ісетді, фото-1

"Мен Сара Алпысқызына өзімнің ақ тілегімді білдіріп хат жолдадым. Осындай тамаша үйде өмір сүріп жатқанымыз үшін, бізге жарқын болашақ сыйлағаны үшін, бір отбасының балаларындай өмір сүруге барлық жағдай жасағаны үшін үлкен алғысымды білдірдім. Және ұзақ ғұмыр мен бақыт тіледім. Хатымда өз елімнің патриоты болатынымды жеткіздім. Менің хатымды оқып, ризашылығын білдіресе - мен бақыттымын. Ол кісі барлық балалар ауылы тәрбиеленушілерінің анасы дер едім",- деді балалар ауылының тәрбиеленушісі Гауһар Плещакова.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#сыйлық #тәрбиеленушілер #алғысайту #балалар
Объявления
live comments feed...