Өтетін орны: Жантурин атындағы Маңғыстау драмалық театры
Автор: жырау Рахмет Мәзхожаев
Режиссер: Гаухар Адай
Жанр: мистикалық аңыз
Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
Қосымша: Ескерту 13 жасқа толмаған баламен кіруге болмайды!
Қойылым басталғаннан кейін 10 минуттан кейін есік жабылады!
«Көрұғлы» - түркі халықтарының азаттық пен әділет жолындағы күресін баяндайтын тарихи-фольклорлық драма. Зұлым Шағдат ханға қарсы тұрған батыр Раушанбек пен оның ұлы Көрұғлының тағдыры арқылы халықтың ерлік рухы мен қайсарлығы суреттеледі.
Әкеден қалған ауыр мұра – әділетсіздікке қарсы күресті Көрұғлы жалғастырып, елінің намысын қорғайды. Туынды батырлық, рух пен әділдік идеалын дәріптейді, сондай-ақ, түркі мәдениетінің терең тамырларын танытады.