• Главная
  • Жаңаөзенде 2400 литр дизель отынын заңсыз сатқан азамат ұсталды
15:37, 30 января 2018 г.

Жаңаөзенде 2400 литр дизель отынын заңсыз сатқан азамат ұсталды

фото из сети Интернет

фото из сети Интернет

Жаңаөзен тұрғыны 2400 литр дизель отынын заңсыз сақтағаны үшін айыппұл төледі, деп хабарлайды ИнАктау Жаңаөзен қалалық сотының баспасөз қызметініне сілтеме жасап.

Сотталушы Н. Жаңаөзен қаласы, Промзона аймағындағы кафенің артында орналасқан аулада ешқандай шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз 2400 литр дизель отынын сақтаған. Азамат Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 1000 литрі дизель отынын 120 000 теңгеге сату кезінде ұсталған.

Қорытындыға сәйкес, 1 литр дизель отынының нарықтық құны 155 теңгені құрайды. Ал, барлық 2400 литр дизель отынының жалпы құны 372 000 теңге.

"Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен сотталушы Н. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 197-бабының  1-бөлігімен  кінәлі деп танылып, оған 25 айлық  есептік көрсеткіш мөлшерінде 60 125 теңге айыппұл жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ",- деп хабарлайды Жаңаөзен қалалық сотының баспасөз қызметі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#дизельотыны #заңсызсатқан #айыппұлсалды
Объявления
live comments feed...