• Главная
  • Менің ең әдемі отбасым – балалар көзімен (ФОТО)
15:00, 2 февраля 2018 г.

Менің ең әдемі отбасым – балалар көзімен (ФОТО)

фото: ИнАктау и из социальных сетей

фото: ИнАктау и из социальных сетей

Қазіргі уақытта адамдардың есте қаларлық сәттерді "мәңгі есте сақтауға" көптеген мүмкіндіктері бар. Олар суреттерге түсіп, не болмаса суретшіге портреттерін салғызып, мозайка жасатып, тағы да басқа мүмкіндіктерді пайдаланып жатады.

Бірақ ата-анасының, ата-әжелерінің суреттерін өз қолдарымен салған бүлдіршіндердің суреттеріне ешқандай технология тең келмейді. Балалардың фантазиясында шек жоқ. Ата –аналары мен отбасы мүшелері олар үшін - асқар тау, мейірімді ана, дара тұлға. Мұндай суреттерді ата-аналар өздерінің әлеуметтік желілеріне мақтана, марқая, жарыса жариялап жатады. Солардың бірі, Ақтау қаласының тұрғыны Айдар Каримбаев өзінің Инстаграмм парақшасында баласының 34 жасына тосын сый жасағанын жариялап, өз қуанышымен бөлісті.

Менің ең әдемі отбасым – балалар көзімен (ФОТО), фото-1

"Туған күніме достарым, ағайын-тумаларым түрлі сыйлық жасап жатыр. Бірақ мен үшін бұл сурет - ең ерекше, ең қымбат сыйлық болды. Мен ұлымды мақтан тұтамын", деді бақытты әке.

ИнАктау редакциясы өзінің оқырмандары арасында, балаларының отбасы мүшелерін бейнелеп салған туындыларын жариялап отыратын ата-аналардың өте әсерлі суреттерін жинақтады:

Суреттер Instagram желісінен таңдап алынды:

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#балаларсуреті #атааналар #инстасурет #тосынсый

Комментарии

Показывать новый комментарий:
внизу вверху
Влада Алиева
2 февраля 2018 г., 16:28
)))
Объявления
live comments feed...