• Главная
  • Маңғыстауда балалардың өрт шығару оқиғасы 15 пайзға өскен
08:23, 6 февраля 2018 г.

Маңғыстауда балалардың өрт шығару оқиғасы 15 пайзға өскен

Маңғыстауда балалардың өрт шығару оқиғасы 15 пайзға өскен

Маңғыстау облысында 2017 жылы 284 өрт оқиғасы тіркелген, оның ішінде 20 оқиға балалардың қатысуымен орын алып отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау басқармасының басшысы Нұржан Борашев мәлімдеді деп, хабарлайды ИнАктау.

Нұржан Борашевтың айтуынша, облыс бойынша 2017 жылы 284 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 25 миллион 205 мың теңге көлемінде шығын келген. Және балалардың қатысуымен тіркелген өрт оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда 15% өскен.

Осыған орай Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау басқармасы және профилактикалық қызмет басқармасы мен Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы мамандары Ақтау қаласындағы №8 орта мектебінің 2 және 3 сынып оқушыларына «Оқу орындарындағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

"Ашық сабаққа 100-ге жуық бала қатысты. Оқушыларға өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері арқылы өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет екендігі айтылды. Оқушыларға өрт кезіндегі алғашқы іс-әрекеттер және өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Сіріңкемен ойнамау, өз еріктерімен газ немесе электр құрал-жабдықтарын пайдаланбау, яғни өрттің алдын алу мақсатында оқушыларға қысқа метражды мультфильмдер көрсетілді", - деді басқарма басшысы Нұржан Борашев.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#өртоқиғасы #өртоқиғасыөсті #балалар #ашықсабақ
Объявления
live comments feed...