
18:00, 6 февраля 2018 г.
Жеке кәсіпкерден қарыз өндірілді

иллюстрация из сети Интернет
Маңғыстауда талап қоюшы мекеме жеке кәсіпкерденқомақты қарызын өндіріп алатын болды. Талап қоюшы "КазТрансГазАймақ" АҚ-ы жеке кәсіпкерден 849281 теңге негізгі борышын өндіруді сұраған, деп хабарлайды ИнАктау .
Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге келіскен. Келісім талаптары бойынша талап қоюшы борыш сомасын 849281 теңгеден 507222 теңгеге төмендететінін, ал жауапкер аталған соманы 2018 жылдың сәуір айының 12-не дейін өтеуге міндеттеме алып отыр.
"Сот тараптармен жасалған дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім ҚР "Медиация туралы" Заңының 27-бабының талаптарына сай келетінін, заңға қайшы келмейтінін, екі тараптың мүддесінде жасалғанын және келісімнің талаптарын орындау үшінші тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтірмейтінін ескеріп, келісімді бекітті. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ",-деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
 Последние новости
 Объявления
 Следите за нашим каналом Telegram, не пропустите самое актуальное
 Следите за нашим каналом Telegram, не пропустите самое актуальное Сообщайте новости на WhatsApp нашей редакции +7(777)222-21-05
 Сообщайте новости на WhatsApp нашей редакции +7(777)222-21-05