• Главная
  • Маңғыстаулық шаруалар түйе, сиыр сүтін қабылдау орындарына өткізе алады
20:12, 9 февраля 2018 г.

Маңғыстаулық шаруалар түйе, сиыр сүтін қабылдау орындарына өткізе алады

фото из сети Интернет

фото из сети Интернет

Енді маңғыстаулық шаруалар сүт өнімдерін қалаға тасып әлек болмайды. Сайын Шапағатов ауылында ашылған "Ағарғын" зауыты сиыр, түйе сүті мен шұбат ағарғанын қабылдай бастады, деп хабарлайды ИнАктау.

Түйе, сиыр сүтінің литрі 300 теңгеден, майлылығы жоғары болса 400 теңгеден қабылданады. Зауыт басшылығы қ азіргі уақытта әр ауылдан 15 сүт қабылдайтын пункт ашуды жоспарлап отыр. Ол жерге сыйымдылығы 2 тонна ыдыс қойылады.

"Жаңаөзен қаласы, Қызан, Таушық секілді елді мекен шаруалары енді өнімдерін қалаға тасып әлек болмай біздің қабылдау орнымызға өткізе алады. Ол жерде лаборант сүттің майлылығын, тазалығын анализатор құрылғысымен тексеріп, қабылдайтын болады",-деді "Ағарған" зауытының директоры Асхатжан Ыбырай.

Бұл зауытқа сүт тапсыратын шаруалар үшін де тиімді болмақ. Тапсырылған сүттің әр литріне мемлекеттік субсидия қарастырылған. Яғни, шаруалар сүттің тапсырылғанын растайтын құжаттарын жинақтап, аудандық ауылшаруашылық бөліміне немесе кәсіпкерлер палатасы филиалына хабарласуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қаңтар айында Сайын Шапағатов ауылынан "Ағарған" түйе сүтін өңдейтін сүт зауыты ашылған болатын. Тәулігіне 50 тонна өндірістік қуаты бар кәсіпорынды ашуға 1,5 миллион доллар қаржы жұмсалған.

Бүгінгі таңда зауыттан шыққан - пастерленген түйе сүті, йогут, ірімшік, шұбат, биокефир, биоқаймақ және шалап өнімдері Маңғыстаудағы дүкендерде сатыла бастады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#түйесиырсүті #сүтөнімдері #қабылдаупункті
Объявления
live comments feed...