• Главная
  • Қарақиялықтар таксимен тегін жүре алады
17:06, 26 февраля 2018 г.

Қарақиялықтар таксимен тегін жүре алады

фото: из сети интернет

фото: из сети интернет

Енді Қарақия ауданының тұрғындары таксимен тегін жүре алады. Аудандық орталық мешіті имамдарының бастамасымен бастау алған бұл шара әр жұма сайын ұйымдастырылатын болады, деп хабарлайды ИнАктау.

Қарақия ауданы орталық мешітінің бас имамы Хамит Табарактың айтуынша, 23-ші ақпаннан бастап тұрғындарға такси жүргізушілері тегін қызмет көрсете бастаған. Бұл акция енді әр жұма сайын ұйымдастырылып тұрады. Ал Рамазан айында такси жүргізушілері бір ай бойы халыққа тегін қызмет етпек.

"Қарақия аудандық мешіт жамағатының ұйымдастыруымен 23-ақпан күні таңертеңнен кешке дейін төрт такси халыққа тегін қызмет етті. Олар ауданға қарасты - Ерсай, Аппақ, Ералы және Сарша ауылдарына қатынайтын тұрғындарға қызмет көрсетті. Келесі аптада автөкөліктердің санын арттырып, Ақтау, Жаңаөзен қалаларына тегін қатынауға мүмкіндік жасаймыз. Тұрғындарға ақысыз қызмет көрсетемін деушілердің саны күннен-күнге артып келеді. Жүргізушілердің барлығы ауылдың қайырымды жігіттері", - деді Қарақия ауданының орталық мешітінің бас имамы Хамит Табарак.

Тегін такси нөмірлері: +7 (747) 473-54-86 , +7 (747) 473-54-56 , +7 (771) 602-03-26 , +7 (771) 602-03-27 , +7 (778) 665-56-49 , +7 (778) 665-56-48 .

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#тегінтакси #мешіт #тұрғындар #ауыл
Объявления
live comments feed...