• Главная
  • Маңғыстауда жаңа аммиак-карбамид кешенінің құрылысы жоспарланған
20:55, 13 июля 2023 г.

Маңғыстауда жаңа аммиак-карбамид кешенінің құрылысы жоспарланған

Маңғыстауда жаңа аммиак-карбамид кешенінің құрылысы жоспарланған, фото-1

Маңғыстауда жаңа аммиак-карбамид кешенін салу жоспарланған. Бұл жобаны іске асыру барысында өңірде жаңа жұмыс орындары құрылады. Зауыт құрылысы кезінде 1,5 мың адам уақытша жұмысқа орналасады. Жоба аяқталғаннан кейін 800 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған. Бұдан басқа, жаңа зауыт өнеркәсіптің аралас салалары үшін білікті кадрлар даярламақ, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. 

Маңғыстауда жаңа аммиак-карбамид кешенінің құрылысы жоспарланған, фото-2

Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін Қазақстандағы ең ірі минералды тыңайтқыштар өндіру кешеніне айналады. Карбамид пен аммиак селитрасын қоса алғанда, өндірілетін өнімнің жалпы көлемі жыл сайын шамамен 1,5 млн. тоннаны құрайды. Бұл отандық фермерлер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың сапалы азот тыңайтқыштарына деген қажеттілігін толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Маңғыстауда жаңа аммиак-карбамид кешенінің құрылысы жоспарланған, фото-3

Жоба Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін, өнеркәсіптік және экспорттық әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды кәсіпорын болады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта зауыт жыл сайын 400 мың тонна аммиак селитрасын өндіреді, ал жаңа кешен пайдалануға берілгеннен кейін бұл көрсеткіш 78% - ға дейін өседі. Бұл жоба сондай-ақ экспортты ұлғайтуға және Қазақстанның халықаралық нарықтағы позициясын нығайтуға ықпал етеді.

Маңғыстауда жаңа аммиак-карбамид кешенінің құрылысы жоспарланған, фото-4

Жалпы көлемі шамамен 1 млрд.доллар инвестиция тартуды көздейтін аммиак-карбамид кешені Маңғыстау облысындағы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында орналасатын болады. Зауыттың орналасуы экономикалық аймақ аумағында химия өнеркәсібі өндірісінің басым бағытына байланысты. Құрылысты 2026 жылдың соңында аяқтау жоспарланған. 

"Біздің өнідірісте озық технологияларды қолдану қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмауға мүмкіндік береді. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету компанияның күнделікті қызметіндегі және жобаларды іске асырудағы негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Нәтижесінде пайда болған қалдықтарды ағынсыз тазарту жүйесін енгізу, содан кейін оларды өндірістік циклде қайта пайдалану көзделеді" - деді аммиак-карбамид кешенінің өкілі Мақсат Тарбанов. 

Өнімді Қазақстан, Еуропалық Одақ елдері, ТМД елдері және Азия нарықтарына өткізу көзделсе, Қазақстандағы негізгі тұтынушылар ауыл шаруашылығы өндірушілері болып табылады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#разное #новости Актау
Объявления
live comments feed...