• Главная
  • Маңғыстауда мәдениет саласы қалай дамуда: фестивальдар, шығармашылық кештер мен концерттер
14:46, 15 июля 2023 г.

Маңғыстауда мәдениет саласы қалай дамуда: фестивальдар, шығармашылық кештер мен концерттер

Маңғыстауда мәдениет саласы қалай дамуда: фестивальдар, шығармашылық кештер мен концерттер , фото-1

Еліміз егемендік алған сәттен бастап мәдени саладағы негізгі міндеттердің бірі Қазақстанда тұратын барлық халықтар мен этностардың ұлттық мәдениеті мен өркенитін дәріптеу және дамыту, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны сақтау деп жарияланды. Бүгінде Ақтаудың мәдени іс-шаралар күнтізбесі бай. Оған жастар концерттері мен классикалық музыка апталықтары, сондай-ақ еліміздің еңбек сіңірген әртістерінің шығармашылық шараларымен, айтыскер ақындардың кештері кіреді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Мондай шаралардың бірі Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының 20 жылдығы өңір үшін ерекше маңызға ие болды. Қазақстан өнер қайраткерлерінің көпшілігінің назарын аударған мерейтойға арналған салтанатты шараға көптеген құрметті мәдениет қайраткерлері, соның ішінде қазақ кино және театрының көрнекті қайраткері Асанәлі Әшімов, театр сыншысы Еркін Жуасбек, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Анар Еркебай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әубәкір Рахимов, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды және тағы басқалар қатысты. 

Осы тұста биыл мемлекет тарапынан театр ғимаратының қасбетін жөндеуге 247 миллион теңгеден астам қаражат бөлінгенін атап өткен жөн. Бұл өз кезегінде әртістердің жұмысына оң әсер етіп қана қоймай, өнер сүйер қауымның театрға қызығушылығын одан әрі арттырмақ. 

Сонымен қатар, биылғы жылы «Жорға» би ұжымының әртістері де ансамбльдің мерейтойын атап өтті. «Жорға» -  шығармашылығы біздің өңірге ғана емес, Қазақстан мен шетелде де белгілі өнер ұжымы.

Ұжымды мерейтойымен құттықтауға еліміздің әр өңірінен танымал әртістер мен көптеген қонақтар келді. Олардың арасында ҚР Халық әртісі Гүлжан Талпақова, ҚР Мәдениет үздігі Ғайникамал Бейсенова, ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор Тойған Ізім, хореографиялық өнер қайраткерлері қоғамының төрағасы Еркебұлан Ағымбаев және басқалары бар. 

Маңғыстауда мәдениет саласы қалай дамуда: фестивальдар, шығармашылық кештер мен концерттер , фото-2

Биыл Ақтауда шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдардың қызметін ынталандыруға бағытталған іс-шаралар, жас таланттарды, мәдениет пен өнердің көрнекті өкілдерін қолдау шаралары қарастырылған. Мәселен, соңғы уақытта облыс орталығында «Құрмет» орденінің лауреаты Светқали Нұржан, ақын Анар Шамшадинова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев, эстрада әншісі Елена Әбдіқалықованың шығармашылық кештері өтті. 

"Іс-шаралардың көпшілігі ашық форматта өтті, яғни көрермендер үшін кіру тегін болды. Осылайша 3000-нан астам шараның аясында облыстың 130 мыңға жуық тұрғыны қамытылды. Аудандар мен қалаларда түрлі байқаулар, жеке шығармашылық кештер мен мерекелік концерттер өтті. Облыс тұрғындарының бос уақытын мәдени шаралармен қамту мақсатында аталған іс - шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады" - деді Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әбілқайыр Байпақов.

Басқарма басшысының айтуынша, жақын арада өңірде республикалық ақындар айтысы өткен. Сонымен қатар, жуырда Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ақұштап Бақтыгереваның шығармашылық кеші, «Маңғыстау жұлдыздары» XIII облыстық өнер фестивалі, «Ән-дария» дәстүрлі әншілер байқауы, суретшілердің II Республикалық симпозиумы ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, Ақтауда жастар үшін Aktownx жастар бірлестігінің «Жиналайық» жобасы жүзеге асырылуда. Бастама талантты әншілер мен бишілерді қолдауға арналған. 

Жоба төрт кезеңнен тұрады, олардың әрқайсысы қатысушылардың потенциалын ашып, әлеуетін дамытуға бағытталған. Әр кезеңде шеберлік сабақтары, іріктеу турлары мен жаттығулар және соңғы концертке дайындықтар болады. 

«Жиналық» жобасының қорытынды концерті 2023 жылдың 12 тамызына жоспарланған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#разное #новости Актау
Объявления
live comments feed...