17:27
Вчера

Фото: пресс-служба акимата города
-Жоспар бойынша 4540 шаршы метр жол таңбалары мен жаяу жүргіншілер жолағы суық пластик технологиясымен сызылады. Бұл жұмыстарға 2 бригада жұмылдырылды, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Азамат Койчибаев.
Суық пластик технологиясы қаланың орталық автомобиль жолдарына қолданылады. Атап айтқанда, мамандар жол таңбалары мен жаяу жүргіншілер жолағын сызу жұмыстарын №24, №15, №3, №7, №1 автомобиль жолында жасайды.