
09:05, 4 ноября 2024 г.
Ақтауда оқушылар облыстық пікірсайыста бақ сынасты

Фото: ЦОК МО
Облыс орталығында оқушылар арасында өңірлік пікірсайыс турнирі өтті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.
«Рухтан» қоғамдық қорының ұйымдастырған бұл іс-шараның мақсаты – жастардың ұйымдастырушылық, критикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, еліне елеулі қызмет ететін болашақ көшбасшыларды дайындау және пікірсайыс технологиясы бойынша тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру.
Оқушының жалпы саны – 50 спикер, яғни 28 фракция болып қатысты. Класстардың арасында шектеу болмады, жас ерекшеліктері де әртүрлі болды.
Маңғыстау пікірсайыс академиясының төрайымы Мөлдір Оразбаева:
- Біз «Рухтан» қоғамдық қорымен бүкіл ауыл-аймақты аралап турнирлер өткіздік. Осы шараны сол турнирлердің нәтижесі ретінде, балалардың деңгейін көтеру мақсатында облыстық деңгейде ұйымдастырдық, -деп мәлімдеді.
Бірінші, екінші, үшінші жүлделі орындарды иеленген өрендер – алғыс хатпен және кубоктармен, қосымша сыйлықтармен марапатталды. Үздік спикерлерге қосымша алғыс хат табысталды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
22:19, 20 июня
12:13, 1 июля
14:57, 1 июня
1 701
20:39, 20 июня
1 074
07:24, Вчера
219
live comments feed...