Қарақия ауданы Құрық ауылы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, сұрыптау, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы жария шарты

«Маңғыстау-Тазалық» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі, (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (№10390-1943-ЖШС 02.04.2010ж.), бұдан әрі қарай «Қызмет көрсетуші» деп аталатын Жарғы негізінде әрекет етуші,директор тұлғасындағы Итыбаева А.К. бір тараптан және тұрғын үйдің меншік иеленушісі/ жалға алушысы (тұрақты/уақытша тұруға арналған және қолданыстағы жеке тұрғын үй, пәтер, жатаханадағы бөлме), бұдан әрі қарай «Тұтынушы» деп аталатын, екінші тараптан, әрі қарай –«Қызмет көрсетуші» және «Тұтынушы», «Тараптар» деп аталады, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметіне төмендегідей осы жария шартты жасасты (әр» қарай – «Шарт»):

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Осы шарттың мәні Қызмет көрсетушінің ҚТҚ жинауға арналған орындарынан оларды шығару бойынша өтемді қызметтердің көрсетілуі (бұдан әрі қарай – «Қызметтер») және Тұтынушының аталған Қызметтерге Шарттың талаптарына сәйкес төлем жасауы болып табылады.

1.2.Қызмет көрсетуші ,қоқыс шығарушы ұйым бола келе, өкілетті органдармен бекітілген учаскелерде және жеке шарт негізінде Тұтынушыға Қызметтерді көрсетеді.

1.3. Қызмет көрсетушімен қызмет көрсетілетін аумақтың шекаралары осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, №1 қосымшасында көрсетілген.

2.Тұтынушының құқығы мен міндеттері

2.1 Тұтынушы құқылы:

2.1.1. Бекітілген кестелерге сәйкес ҚТҚ уақытылы шығарылуына;

2.1.2. Тарифтерді және Қызметтерге төлеу Мөлшерін қолдану туралы ақпарат алуға.

2.1.3. Шартта белгіленген мерзімде (Шарттың 3.2.6т) Қызметтерді көрсетуде Қызмет көрсетушімен анықталған кемшіліктерді жоюға;

2.1.4. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасымен анықталатын, көлемі мен тәртібінде Қызмет көрсетушінің кінәсінен Қызмет көрсетудегі кемшіліктер салдарынан денсаулығына және/ немесе мүлкіне келтірілген шығындар мен зиянды толық көлемде өтеуге;

2.1.5. Оның құқығы бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы әрекет етуші заңнамасына сәйкес сот қорғауына.

2.2.Тұтынушы міндетті:

2.2.1. ҚТҚ шығару бойынша Қызмет көрсетушініңқызметтерін осы шартта белгіленген мерзімде және толық көлемде төлеуге;

2.2.2. Ондағы  пайда болған қалдықтарды уақытша сақтау орындарында белгіленген орындарда қаптап жинау (жоюдың контейнерлік жүйесі болғанда) немесе өз ыдысында (сыйымдылығында) арнайы белгіленген орындарда қоқыс жинау көлігіне тиеу (жоюдың ыдыссыз жүйесі кезінде);

2.2.3. Сұйық қалдықтардың төгуін, құрылыс қоқысын, топырақ, ірі габаритті жүктерді, металл сынығын, ағаштар кесіктерін, жапырақтарды, бұталарды, бұтақтарды қоқыс жинағышқа тасталуын болдырмау;

2.2.4. Құрылыс қоқысын, топырақты, ірі габаритті қоқысты, металл сынығын, ағаш кесіктерін, жапырақтар, бұтақтарды, қазандықтан шыққан қоқыс, пештердің күлін контейнерлердің қасында, бөлек контейнерлік алаңда (жабдықталған тұрғын үй секторы үшін) немесе үй жайындағы аумақта (жеке тұрғын үй секторы үшін) әрі қарай шығару үшін Шарттың 2.2.5.т сәйкес;

2.2.5. Қоқыс шығаратын ұйымына құрылыс қоқысын, ірі габаритті қоқысты, металл сынығы, ағаш кесіктерін, жапырақтар, бұтақтар, топырақты шығарғаны үшін келісілген баға бойынша қосымша төлеу;

2.2.6. ҚТҚ және басқа қоқыстардың ол үшін белгіленбеген орындарда (контейнерлік алаңдардан басқа) қаптап сақтауына, сондай-ақ контейнерлерде, аулаларда, көшелерде оларды жерге көмуге, жағуға жол бермеу;

2.2.7.Тұрмыстық қалдықтарды шығарудың ыдыссыз әдісінде ҚТҚ бар сыйымдылықтарды  кестеге сәйкес мамандандырылған техниканың келуіне дейін шығару;

2.2.8. Сақталуды қамтамасыз ету мақсатында қоқыс жинағыштарға және контейнерлік алаңдарға ұқыпты қарау;

2.2.9. Жылжымайтын мүлікпен азаматтық құқықтық мәмілелер жасайтын жағдайында оның алып отырған тұрғын үй-жайынан шыққанша дейін Қызмет көрсетушімен толық өзара есеп айырысу жүргізу;

2.2.10. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасында және осы Шартта көзделген өзге міндеттемелерді орындау.

2.3. Қызмет көрсетуші құқылы:

2.3.1. Тұтынушыдан уақытылы және толық көлемде Қызметтер үшін төлем алуға және төлеу мерзімдерін бұзған жағдайда Шартта қарастырылған шараларды қолдану;

2.3.2. Тұтынушыға Шарт бойынша көрсетілген Қызметтерге Қызмет көрсетуші өз мүліктік мүдделерін қорғау үшін Тұтынушыдан қарыз сомасы мен есептелген айыппұл санкцияларын мәжбүрлі өтеу арқылы;

2.4. Қызмет көрсетуші міндетті:

2.4.1. Әкімшілікпен келісілген өзіне бекітілген учаскелерді Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне сәйкес ҚТҚ жоспарлы-реттік тазартуын кестеге сәйкес жүргізуге;

2.4.2. Контейнерден қоқыс тасушыға тиеу кезінде төгілген қоқысты жинауды жүргізу;

2.4.3. Қозғалыс схемасына және өзгерген пайдалану жағдайларына сәйкес маршруттық кестелерді құру және түзетуге;

2.4.4. Тұтынушыға ҚТҚ шығару үшін төлем жасау үшін төлеу құжаттарын ағымдағы айдың 15-не дейін ұсыну;

2.4.5. Көрсетілетін Қызметтердің көлемі мен сапасына негізделген талаптарды алған кезде 24 сағат ішінде Тұтынушының талаптарын қанағаттандыру;

2.4.6. Тұтынушыны ҚТҚ шығаруға Қызметтер мен тарифтердің өзгеруі, сондай-ақ ҚТҚ шығару шарттарыныңөзгеруі жөнінде  оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен енгізгенге дейін 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпараттандыру;

2.4.7.2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес Тұтынушының дербес деректерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдауға;

2.4.8. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасында және осы шартта көзделген басқа міндеттемелерді орындауға;

3. Есеп айырысу және қызметтер үшін төлеу тәртібі:

3.1. ҚТҚ көлемін есептеу үшін Қарақия ауданының Мәслихатымен белгіленген тәртіпте бекітілген, қалдықтардың пайда болу көздерінде пайда болу нормалары қолданылады;

3.2. Тұтынушы көрсетілген Қызметтер үшін айына бір адамға ҚТҚ шығару үшін нақты тұратын адам саны есебінен төлем жасайды; Тұтынушы төлемді есептік айдан кейінгі  айдың 25 күнінен кешіктірмей жасауы тиісті.

3.3. ҚТҚ шығару қызметтеріне тарифтер Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен, сондай-ақ Қызмет көрсетушімен белгіленген Тарифтерінде бекітілген тәртібі мен мерзімінде белгіленеді және өзгертіледі;  

3.4. ҚТҚ шығару үшін төлемҚазақстан Республикасы 2007 жылға 9 шы қаңтардағы  Экологиялық кодексінің 19-1ші  қаулысымен бекітілген коммуналдық қызметтер көрсетуді ұсыну Қағидаларына сәйкес жасалады;

3.5. Тұтынушының және/немесе онымен бірге тұрып жатқан тұлғалардың уақытша болмауы жағдайында, оның/олардың болмаған кезіндегі мерзіміне арыз және растау құжатын ұсыну шартымен, Қызметтер үшін төлем алынбайды;

3.6.  Тұтынушы өтініш беру арқылы (анықтама емдеу мекемесінен, жұмыс орнынан санаторийге жолдаманың түбіртегі, анықтама туралы тіркелген жері бойынша уақытша тұру үшін ақы төлегені туралы түбіртек қонақүйде тұру және т.б) құжаттарды табыс етуге міндетті. Өтініште көрсетілген күннен бастап есептеу қызметтері үшін төлем және мерзімі көрсетілген күннен бастап тоқтатыла тұрады;

30 күнтізбелік күннен кешіктірмей Тұтынушы келген сәттен бастап, келгендігі жөнінде тиісті растайтын құжаттарды беруге, табыс етуге міндетті. Жоғарыда көрсетілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда қызмет үшін ақы төлеу өтініш берілген 1 күннен бастап қайта есептелінеді.

3.7. Төлемді қайта есептеуге әкелетін барлық өзгерістер, Тұтынушының арызы негізінде жүзеге асырылады.

4.Тараптардың жауапкершілігі

4.1. Қызмет көрсетуші және Тұтынушы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікті алып жүреді.

4.2. Қызметтер үшін уақытылы емес төлеген кезде Тұтынушы Қызмет көрсетушіге өсімақы төлейді. ҚТҚ шығару қызметтері үшін төленбеген есептелген сома үшін өсімақы есептік айдан кейінгі айдың 26-сы күнінен бастап, әр кешіктірген күні үшін Қызмет сомасынан 0,1% мөлшерінде есептеледі;

4.3. Өсімақыны есептеу кезінде есептік айда жасалған барлық төлемдер мен түзетулер ескеріледі;

4.4. Айыппұл санкцияларын төлеу Тараптарды осы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

5. Дауларды қарастыру тәртібі

5.1. Тараптар әрекет етуші заңнамаға сәйкес бекітілетін ҚТҚ шығару мен жинау нормалары бойынша қызметтерді ұсыну қағидаларының, тарифтердің өзгеруі Шарт талаптарын өзгерту үшін негіз болып табылатынын мойындайды.

5.2. Шарт бойынша даулар туындаған жағдайда тараптар оларды сотқа дейінгі реттеу үшін қажетті шараларды қабылдауға міндеттеледі.

5.3. Туындаған даулар бойынша келісімге келмеген кезде олар Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте қарастыруға жатады.

5.4. Шарт арқылы реттелмеген мәселелер, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ережелеріне және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік актілеріне сәйкес қарастырылады.

6.Шарттың әрекет ету мерзімі

6.1.  Шарт оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау күнінен бастап күшіне енеді.

6.2. Шарт белгісіз мерзімге жасалған болып есептеледі.

7.Форс-мажор мән-жайлары

7.1. Тараптар Шарт жасасқаннан кейін туындағын және Тараптар оларды болжай алмайтын, не дұрыс тәсілдермен болдырмайтындай, еңсерілмейтін күші бар мән-жайлардың әрекет ету салдарынан (апаттық құбылыстар, апаттар, төтенше жағдай тәртібін енгізу және т.б., әрі қарай – «Форс-мажор») Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамауы үшін жауапкершіліктен босатылады.

7.2. Форс-мажор мән-жайларының басталуы кезінде Тараптар Форс-мажор мән-жайларының әрекетіне түскен Тарап Форс-мажор мән-жайларының басталуы туралы басқа Тарапты дереу хабардар еткен және олардың әрекет етуін тоқтату кезінде Шарт талаптарын қайта басталуы жағдайда, шарт талаптарын орындамағаны үшін материалдық жауапкершіліктен босатылады;

7.3. Форс-мажор мән-жайлары Қазақстан Республикасының сауда өнеркәсіптік палатасымен куәландырылуы тиіс.

8.Жалпы ережелер

8.1. Тұтынушы қоқыс шығаратын ұйымымен қоқыс шығаруға Шарт жасасудан бас тартуға және тіршілік іс-әрекеті процесінде үнемі қалдықтар пайда болуына қатысты, қалдықтарды белгіленбеген орындарда заңсыз тасталуын және қоршаған табиғи ортаға теріс әсерін болдырмау үшін оны бір тараптан бұзуға құқығы жоқ.

8.2. Осы шарттың күшіне енуі Тараптардың оны қабылдауға дейінгі туындаған өзара міндеттемелерінен орындаудан босатпайды;

8.3. Осы Шарт жария болып табылады:

8.4. Тұтынушы төлемақы жүргізген күннен бастап Шартқа қол қойылған болып есептелінеді.

9. Тараптардың мекен-жайы мен банктік деректемелері

«Маңғыстау-Тазалық» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

130000, Құрық селосы, Досан батыр кошесі №4 ғимарат

СТН/РНН   430 100 272 652

ЖСК/ИИК  KZ 449650000155426292                              

Ақтау қ. филиалы «Forte Банкі» АҚ 

БСК/БИН  IRTYKZKA 

БСН/ИИН  100440005302

Тұтынушы: тұрғын үйдің  меншік иеленушісі/ жалға алушысы (тұрақты тұруға арналған және қолданыстағы жеке тұрғын үй, пәтер, жатаханадағы бөлме) Құрық ауылы тұрғыны.

Келісімшартты жүктеп алыңыз

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии
Объявления
05.05.2021
Разместить объявление в этом блоке Добавить
Ответственный за раздел
Алия Шарипова
Журналисты сайта InAktau.kz всегда на связи.

Пишите нам, звоните, сообщайте о городских новостях и событиях - мы надеемся, что с Вашей помощью горожане узнают о жизни Актау больше.

Вместе с Вами мы сделаем наш город лучше!

Редактор InAktau.kz:
news@inaktau.kz
+7(777) 22-22-105
E-mail: news@inaktau.kz